Жастар және діни сана

2013 жылдан бастап Қазақстан Мұсылымандары Діни басқармасында Жастар ісі секторы жұмыс істейді.

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Жастар ісі секторының жетекшісі Әділет Көпенов Қазақ радиосындағы «Ықылас» хабарына сұхбат берді.

Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп бекітті. Осыған байланысты Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының да атқарып жатқан жұмыстарының көбі жастарға бағытталған.

«2013 жылдан бастап ҚМДБ-да Жастар ісі секторы жұмыс істейді. 14-29 жас аралығындағы азаматтар Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Жастар тобына кіреді. Сектор жұмысы төрт бағытқа бөлінген: үгіт-насихат, тәрбие-танымдық, қоғамдық және спорт бағыты», - деді хабар қонағы.

Сұхбаттың толық нұсқасын хабар мұрағатынан тыңдауға болады.