Латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиіне көшу міндетін жүйелі әрі сапалы жүзеге асыру мақсатында Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы құрылған болатын. Жаңа құрылымның мақсаты – латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің орфографиялық ережелерін дайындау, оны апробациядан өткізу, жаңа әліпби бойынша үйрету, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және филология ғылымы бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізу.
«Шалқар» радиосындағы «Құтты қонақ» бағдарламасының кезекті саны – латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің еміле ережелері жайында болды. Студия қонағы – Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы бас директорының кеңесшісі, қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразгүл Асанғазы мен осы орталықтың Орфография бөлімінің жетекшісі әрі ғылыми қызметкері Гүлфар Мамырбек.
Хабардың толық нұсқасын мұрағаттан тыңдап, Youtube каналынан көре аласыздар.
Хабардың редакторы Нұрмат Мансұр.