Smart besik: пайдасы мен ерекшеліктері

Әмбебап циркуль, электронды бесік. Осы секілді 30 шақты идеяның авторы – Серікбол Шәймардан Қазақ радиосындағы «Өнертапқыш» хабарында қонақта болды.

Автор ойлап тапқан құрылғы баланың дауысына қарай қозғалып, дене қызуы мен жаялық дымқылдығын да өлшеп тұрады.

«Бұл бір күннің жұмысы емес, аттай алты жылдық еңбегім! Электронды бесік өздігінен тербеледі. Сондай-ақ, өздігінен хабар беретін бірнеше құрылғы бар. «Балаңыз тоңып қалды», «Балаңыз ауырып қалды» деген дыбысты ескерту айтылады. Ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып, осы жобамды халыққа таныстырдым. Қазақтың ұлттық бесігіне заманға сай өзгеріс енгізіп, ұлттық, әрі электронды қылып шығару басты мақсатым еді»,- дейді Серікбол Шәймардан. 

Толық ақпарат аудионұсқада.