Қазақ радиосындағы «Терме, толғаулар» хабарының кезекті шығарылымы қазақ ән өнерінің дауылпазы, сазгер, жауырыны жер иіскемеген күш атасы Балуан Шолақ бабамыздың 160 жылдығына арналды.
Балуан Шолақ 1859 жылы 19 қаңтарда дүниеге келіп, 1918 жылы желтоқсан айында 60-қа қараған шағында дүние салған.
«Балуан Шолақтың туындылары Қосымжан Бабақов, Қали Байжанов, Иманжүсіп Құтпанұлы орындауларында бізге жетті. Ең басында, 1889 жылы Ресейде басылып шығатын «Российский музыкальный вестник» журналына «Мақтаншақ Балуанның әні» деген өлеңі шыққан еді. Содан кейін, 1920 жылдан бастап Александр Затаевич келіп көзіміз ашылды. Белгілі музыка зерттеушісі А. В Затаевич 1925 жылы «Қазақ халқының 1000 әні», 1931 жылы «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинақтарын шығарды. Бірінші жинаққа Балуан Шолақтың 10 әні, екінші жинаққа 4 әні енген еді. Осылай Балуан атамыздың көптеген әндері жиналып, халыққа танылды», - деді хабар қонағы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, өнертанушы Серік Оспанов.
Толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыз.