Сайраш Әбішқызы: Мен халықтық педагогиканың жемісімін

«Әкем соғыстан бірінші топ мүгедегі болып оралды. Мен әкем оралған соң дүниеге келген ұрпақпын. Тұңғыш немересі болғандықтан болар, әжем мені сегіз айлығымнан бауырына басты»,- дейді білікті педагог, қарымды журналист Сайраш Әбішова Қазақ радиосының «Әжемнің әңгімесі» хабарына берген сұхбатында.  

Бала бойына сенімділік пен мейірімділікті үйіп-төгіп беретін ол – әжелер мектебі. Бала Сайраш кішкентайынан өзіне сенімді, мейірімді де көпшіл болып өсті. Бұған қоса әжесі ерлік пен өрліктің ара-жігін ашып берді, ауыз әдебиетінің құнарын сіңіріп, батырлар жыры арқылы ширатты, белін буып, нық қадаммен болашаққа аттандырды. Әжеден алған ұлағат – Сайраш Әбішқызына Қазақ елінің көркеюі жолында тынбай еңбек етемін деген мақсатқа жетеледі.

Толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабардың авторы Альмира Елімсары.

«Әжемнің әңгімесі» хабары әр аптаның сенбі күні сағат 14:30-да Қазақ радиосының эфирінен беріледі.