Жер шарының ең қарт тұрғыны

Жапонияның Хоккайдо аралының тұрғыны Масадзо Нонака 113 жасында өмірден озды.  

Ол әлемдегі ең қарт ер адам еді, деп хабарлайды ХАА Kyodo агенттігі. Масадзо Нонака немістің даңқты физик-теоретигі Альберт Эйнштейн өзінің әйгілі салыстырмалы теориясын жариялаған 1905 жылдың 25 шілдесінде туған.

Нонака 2018 жылдың 10 сәуірінде Гиннестің рекордтар кітабына жер шарының ең қарт тұрғыны ретінде енген еді. Оған дейін ғаламшардың ең қарт тұрғыны тағы бір жапон азаматы Дзироэмон Кимура болған. Ол 2013 жылдың маусымында 116 жасында қайтыс болды.

Өзге де қызық жаңалықтар хабардың аудионұсқасында.

«Аң-таң» хабарын әр сәрсенбі сағат 09:35-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы - Еламан Әмірғазы.

Сурет egemen.kz айтынан алынды.