Тамашаның тарланы

Қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаев сан қырлы дарын иесі. Оның ерекше таланты сатира жанрында жарқырай көрінді. Көпшілік оны «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы таныды.

Көрнекті актер кино өнеріне де өзіндік із қалдырды. «Көктөбедегі кездесу», «Қош бол, Медеу», «Махамбет», «Қаладан келген қыз» және «Құрақ көрпе» фильмдерінде ойнаған ол көрерменнің мәңгі жадында қалары даусыз.

Құдайберген Сұлтанбаевтың сұхбаттары Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталмапты. Өкінішті-ақ! Алайда, оның оқуындағы монологтар баршылық. Соның бірі бүгін сағат 15:15-те Қазақ радиосындағы «Дәуір үні» хабарынан берілді.

Хабардың редакторы - Жанат Жанұзақ.