Әкеге сыйлықты қалай таңдаған дұрыс?

Сыйлықты қуаныш иесінің талғамына сай әрі пайдаға асатындай етіп таңдау үшін не істеу керек? Әкеге сыйлықты қалай таңдаған дұрыс? 

Әкеңіз кәсіпкер болса

Бизнеспен айналысатын ер адамға таза былғарыдан жасалған әмиян, есімі жазылған құжатсалғыш, портфолио сөмке, сағат, бренд қаламсап алуға болады. Мұның бәрі арзан тұрмайды, десекте бағалы сыйлық болары сөзсіз. Таңдаған кезде сапасына, түпнұсқа екеніне, түсінің классикаға сай келуіне мән беріңіз.

Білім-ғылым өкілі болса

Шәкірт оқытатын кез келген адамға үлкен сөмке, фотожақтау, кітап, қойын дәптер әрдайым керек болады.

Қаражатыңыз жетіп тұрса, әкеңізге ноутбук сыйлаған да дұрыс. Себебі, цифрландыру заманында мұғалімдер дәптер-қаламнан гөрі компьютермен көбірек жұмыс істейді.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

«Керек дерек» хабарын әр бейсенбі сағат 09:35-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыз.

Сурет tengrinews.kz сайтынан алынды.