Несиені өтей алмаған жағдайда не істеу керек?

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 ж. 31 тамыздағы №2444 Заңы бойынша екінші деңгейлік коммерциялық банктер азаматтармен несие келісім-шартын жасау барысында өздерінің талаптарын коюға құқылы. Бұл турлы Қазақ радиосының «Заңгер кеңесі» хабарында айтылды.

Хабар жүргізушісі, заңгер Нұра Тынысқызы студияға қоңырау шалған тыңдармандардың сауалдарына жауап берді. Тыңдармандардан келіп түскен сұрақтар ішінде жер салығы, банктегі несие шарттары, несие алушының құқығы сияқты заңнамалық мәселелер қамтылды. 

«Егер азаматтарымыз несие алу бойынша міндеттерін дұрыс орындамай немесе несие өтеуге мүлде мүмкіндіктері болмай жатса, онда олардың банкке барып, өздерінің арыздарын қалдырып кетуге толығымен құқығы бар. Бұл жерде міндеттеме емес, құқықтық негізде айтып отырмыз. Осыны шатастырмаған жөн», - деді заңгер.

Толық ақпарат аудионұсқада.

«Заңгер кеңесі» хабарын әр аптаның бейсенбі күні сағат 10:15-те Қазақ радиосының тікелей әуе толқынынан тыңдауға болады.