Құлқынның құлы болмаңыз

«Шалқар» радиосындағы «Құтты қонақ» бағдарламасында жазушы, сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Жамбыл», «Алаш» әдеби сыйлықтарының иегері, ғалым Тұрлыбек Мәмесейт қонақта болды.

Эфир барысында Тұрлыбек Ілиясұлының «Тулақ» пьесасы әңгімеге арқау болды. Пьеса тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында белең алған сыбайлас жемқорлық жайлы. Онда болған оқиға ізімен жазылған жер мәселесінің ащы ақиқаты көрініс тапқан.

Автор шығарманы оқып, қойылымды тамашалаған әрбір көрерменнің бұл оқиғадан терең ой түйіп, «сыбайлас жемқорлық» деген дерттің түбі орға жығатынын ұғып, одан аулақ болу керектігін жете түсінетінін, құлқынның құлы болған адамның ниеті қарайып, дертке шалдығатынын айтады.

Сұхбаттың толық нұсқасы бағдарлама мұрағатында.

Бағдарламаны жүргізген Гүлнұр Омарханқызы.