Жақсылық жаса, алғыс ал

«Жақсылықты бөліссең көбейе түседі» демекші, республикамыздың бар аумағында «Жақсылық жаса» акциясы басталып, қайырымдылық шараларға еліміздің түкпір-түкпіріндегі азаматтар атсалысып жатыр. Бір қуанарлығы, азаматтар аязды күні адамдарды көлігімен үйіне тегін жеткізіп салумен шектелмей, көпбалалы отбасыларға да қолұшын созуда.

Айналасына бей-жай қарамайтын мейірімді көлік иелері жақсылық жасаумен бірге, осы үрдіске өзге адамдарды да атсалысуға шақырады. Ізгі шараға шақырған жандар Фейсбукте өз жазбаларын #ЖақсылықЖаса немесе #ДелайДобро хэштегімен таратуда. Жақсылық жасаудан жарысқан жандар қатары күннен-күнге артуда.

Бұл туралы Қазақ радиосының «Атымтай» хабарында айтылды.

Хабар редакторы – Нұртас Нұрғали.

Сурет www.ktk.kz сайтынан алынды.