Жымпитыда Қазақ радиосы қосулы

Сырым ауданының орталығы Жымпитыда көшедегі бағандар басындағы радио құрылғысы көп жылдан бері істен шыққан еді. Енді қайта қосылды. Бұл жаңалыққа ел риза, деп хабарлайды zhaikpress.kz. 

Аудан тұрғындарының Қазақ радиосы арқылы еліміздегі жаңалықтардан дер кезінде хабардар болып, ән-күй тыңдауы үшін көшелердегі бағандарға, мекемелер маңына радио құрылғылар орнатуды жоспарлаған едік. Сәті де келді. Бүгінде аудан орталығындағы Қ. Мырзалиев және Ж. Досмұхамедов атындағы мектептер мен «Қайсар» спорт клубына радио құрылғылар орнатылып, Қазақ радиосы қосулы тұр.  


«Бұл бастама жалғасып, Қазақ радиосы барлық аудан орталықтарында, халық көп жиналатын орындарда, саябақтарда таратылады деген жоспар бар. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында қолға алынған бастаманың басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеу, насихаттау болатын»,- дейді аудан әкімі Төлеген Төреғалиев.