Батыр Жүкембаевтың келесі жекпе-жегі белгілі болды

Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқойлар Батыр Жүкембаев пен Нұрзат Сабыров 16 наурызда Монреальда өтетін бокс кешіне қатысады.

Бұл кештің басты оқиғасы алғашқы ауыр салмақтағы канадалық Саймон Кин және аргентиналық Роджелио Росси арасындағы жекпе-жек болады. 27 жастағы Жүкембаевтың жекпе-жегі басты оқиғаның бірі ретінде жарияланды. Алғашқы жартылай орта дивизионда жұдырықтасатын қазақстандықтың қарсыласы кейін аталады. Ал, 25 жастағы Сабыров андеркартта екінші орта салмақ аясында 32 жастағы аргентиналық Сезар Рейносомен кездеседі.

Осы және өзге де қызықты ақпараттар Қазақ радиосының «Топжарған» хабарында айтылды.

Хабардың редакторы - Азамат Жомартұлы