Ұлтының ұлы перзенті

Ой кемесі әлем мұхитында, ақыл дариясы болашақтың ғана бақытын аңсаған, бұлақтай таза, мөлдір жанымен туған халқын аялап өткен Ахмет Байтұрсынов мұрасында тіршілік тынысының жанарындай жарқындық бар. Өзі заман қыспағында қинала жүрсе де, бар адами қасиетті еліне тілеп, сол бағыт-бағдарға ақ жол іздеп, ұлы сапарда ауыр азаптан жаны күйзеліп, қиямет қыспағынан өтті.

Ахмет Байтұрсынов өзінің «Тіл және әдебиеттану» еңбектерімен қоса, ел-жұртына арналған өлеңдерінің баршасында жан жүрегімен егіле жырлап отырды. Мұның бәрі де халқының мұңы мен мүдесі болатын. Ахаңды жанындай сүйген, сол кездегі жастардың бірі Әди Шәріпов.

«Халықты қорқытып, үркітіп ұстауды мақсат тұтқан Сталин заманында Ахмет Байтұрсынов шындықты айтудан танбады. Ол үнемі халықтың арасында жүретін, сондай кішіпейіл еді»,- деп есіне алыпты Ахаңның көзін көрген Ғалым Ахметов.

Бүгінгі «Дәуір үні» хабарынан Филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Әди Шәріпов пен Ахаңның көзін көрген Ғалым Ахметовтың дауысы берілді. Бұл Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды. Үнтаспаға 1973 жылы жазылған.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың редакторы- Жанат Жанұзақ.