«Алтын дауыс» анықталды

«QAZAQ RADIOLARY» серіктестігі жариялаған «Алтын дауыс» дикторлар байқауы өз мәресіне жетті. Қатысушының мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына баса назар аударған көркемдік кеңес шешімімен 446 қатысушы арасынан төмендегі үміткерлер байқаудың жеңімпазы болып танылды:

1.​ Ғылымхал Манайұлы (Астана қаласы)

2.​ Ақниет Жайлыбайұлы (БҚО, Жаңақала ауданы)

3.​ Нұрлан Хасиханұлы (Моңғолия, Баян-Өлгей аймағы, Алтай ауылы)

4. Ақмарал Көкенайқызы (СҚО, Уәлиханов ауданы)

5. Ерназар Ерғалымұлы (Алматы қаласы)

«Алтын дауыс» кастингінің жеңімпаздары ұлттың үнжариясында дикторлық сала бойынша өндірістік іс-тәжірибеден өтіп, шеберліктерін шыңдайды. Олар «QAZAQ RADIOLARY» серіктестігінің арнайы жобаларына қатысып, дауыстары қазақ еліне кеңінен тарайтын болады.