Сын түзелмей мін түзелмейді

«Шалқар» радиосындағы «Құс жолы» хабарының кезекті шығарылымы – әдебиеттегі сын мәселесіне арналды. Студия қонағы- филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы Темірғали Есембеков.

Ғалым өз сұхбатында қазақ әдебиетін оқыту технологиясы мен көркем әдебиеттің дамуы жайында ғылыми болжамдарын айтып, қазіргі әдебиеттегі сынға қатысты ой-көзқарасын ортаға салды.

«Ақын мен жазушы кім? Өзін мағыналардың мекені деп есептейтін жазушылар бар. Ал әлемдік әдебиет жазушыны мағына тудырушы деп қарастырады. Мағына тудырдың ба, сен ақынсың. Бұрыннан бар мағынаны ұстану – әдебиетті дамытпайды»,- деді Темірғали Есембеков.

Ғалымның әдебиетке қатысты бұдан өзге пікірін кешкі сағат 19:00-де «Шалқар» радиосының эфирінен берілетін «Құс жолы» хабарынан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы әрі жүргізушісі- Айнұр Төлеу.