Қытайтану ғылымының өзекті мəселелері

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік, достық қарым-қатынас – әрісі еліміздің жалпы тұрғындарына, берісі зиялы қауым мен жас ұрпаққа Қытай елін тану, хань халқының ұлттық менталитетін білу міндетін жүктеп отыр десек еш артық айтқандық емес. Себебі іргемізде жатқан миллиярттар елінің қыр-сырын жетік білу – тек екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты ақаусыз, бейбіт, қатар өмір сүру принциптері негізінде дамыту үшін ғана емес, түптеп келгенде ел қауіпсіздігі мен мемлекет тағдыры үшін де ерекше маңызға ие стратегиялық шара.

«Шалқар» радиосының «Құтты қонақ» хабарында филология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі қытайтанушы ғалым Дүкен Мәсімханұлы қонақта болып, қытайтану ғылылымның мән-маңызы мен мақсаты жайлы тарқата айтты. 

Сұхбаттың толық нұсқасы хабар мұрағатында.

Хабардың редакторы- Нұрмат Мансұр.