«Қазақ» этнонимінің мән-маңызы

«Алашнама» хабарының бұл аптадағы саны «Қазақ» атауының мән-маңызы мен этностың қалыптасуы турасында болды. Студия қонағы- тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Еуразиялық зерттеулер кафедрасының профессоры Мақсат Алпысбес.

«Қазақ» сөзінің этимологиясы туралы алуан болжам бар. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған «қазақлық», «қашақ» деген атаудан шықты деседі. «Қазақ» термині 1245 жылы Мамлүк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда «қазақ» деген сөз – басы бос кезбе деген мағына береді.

«Алашнама» Хабарында осы мәселелер турасында ғылыми пайымдар айтылды.

Толық ақпарат аудио және видеонұсқада

Хабардың редакторы- Ербол Алшынбай.