Айтыс – бабалар мұрасы

Айтыс – ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр. Көпшілік алдында суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Өнердің бұл түрі тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Сондықтан болар, айтыстан лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттарды байқауға болады.

Айтыс - фольклор, ауыз әдебиеті, ақындар шығармашылығымен терең байланысып тұрған ерекше синкретті жанр. Мұнда театрлық әрі драмалық өнердің басы қосылған. Сондықтан айтысты - фольклорлық театр немесе фольклордың драмалық жанры десе де болады

Қазақ айтыс өнерінің ең озық үлгілерінің бірі – Біржан мен Сара айтысы. Бұны кейбір зерттеушілер жоққа шығарады. Біржан мен Сара бір-бірімен мүлдем кездеспеген деген уәж айтады. Расымен олар айтысты ма, әлде айтыспады ма, мәселе онда емес. Бастысы, бұл айтыстың көркемдігі, сол заман шындығын айта білгендігі.

Қазақ радиосының «Алтын қорында» 1960 жылдан бері үнтаспаға жазылып, сақталған айтыстар бар. Соның бірі – Біржан мен Сара айтысының нұсқасы бойынша дайындалған үнтаспа. Бүгін сағат 15:00-де «Шалқар» радиосынан берілетін «Дала фольклорының антологиясы» хабарынан осы айтыстан үзінді тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы- Жанат Жанұзақ.