Несие алу мүмкіндігін бір ғана құжатпен білуге болады

Бұл туралы «Аграрлы Қазақстан» хабарының қонағы, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Басқарма төрағасының орынбасары Думан Оспанов мәлімдеді.

Скоринг жүйесі қор жұмысының күнтәртібіне сәуір айынан бастап енетін болады. Оның мақсаты агроөнеркәсіп саласын дамытуға не болмаса ауылдық жерде кәсіпті ұйымдастыруға ниетті адамдарға несие беру бойынша көрсетілетін қызметке жұмсалатын уақытты үнемдеу. 

Жеке куәліктің мәліметін Қор қызметкеріне беру арқылы бір күн ішінде қандай көлемде несие алуға болатынын және қаражат алуға мүмкіндігінің бар-жоғын білуге болады. Сондай-ақ тапсырыс берген адамдарға талон беру жүйесі де қарастырылған екен. Бұл талап етілген құжаттар толығымен тапсырылғаннан кейін несие алушының қолына «он бес күннің ішінде шешім қабылданады» деген аманат қағазы. 

Жалпы 2018 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» 54 млрд теңге көлемінде 10 мыңнан астам несие берді. Биыл 50,1 млрд теңге көлемінде несиелеу жоспарлан отыр. Оның ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы арқылы – 27,9 млрд тг, қайтарылған қаражат есебінен – 5 млрд, Қордың өз қаржысынан – 9,1 млрд теңге. Биыл бағдарлама шарттарына өзгерістер енгізілген екен. Егер кәсіпкердің жұмыс өтілі бір жылдан аспайтын болса, оған шағын несие берілген кезде жаңа жұмыс орнын ашу енді талап етілмейді. 

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың редакторы- Анас Ахатұлы.