Роза Мұқанова əдебиет əлемінде

Жазушылықпен ұстаздықты қатар алып жүрген Роза Мұқанованың қаламынан шыққан «Сарра» спектаклі Қаллеки театрының сахнасында 2016 жылдан бері жүріп жатыр.

2018 жылы Мәдениет министрлігінің «Тәуелсіздік толғауы» конкурсында драматургия жанры бойынша «Ешкім де кінәлі емес» пьесасы 1-орынды иеленді. Қазір Қарағанды театрында сахналануда. Биылғы сегізінші сыныпқа арналған әдебиет оқулығына «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі еніп отыр. 

Роза Мұқанова былтыр Австриялық режиссер Лукас Чейзпек пен драматург Маргарет Крейдлмен біріккен халықаралық шеберлік класын өткізген болатын. Қазақ ұлттық өнер университетінде қызмет етіп жүрген профессор ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Роза Мұқанованың шәкірттері дарын сыйлығының, халықаралық сыйлықтардың иегері. 

Қазақ радиосының «Әдебиет әлемі» хабарының кезекті шығарылымы көпшіліктің қонымды тілегіне сәйкес жазушы-драматург Роза Мұқанованың шығармашылығына арналды.

Сұхбаттың толық нұсқасы хабар мұрағатында.

Хабардың авторы әрі жүргізушісі- Айнұр Шамшейтова.