«Алтын қордағы» асыл мұра

Тұтас бір ұлттың тіршілік тінін, қайталанбас мәдени болмысын сырға толы сұлу тұрпатында жеткізіп келе жатқан үнжариямыздың «Алтын қоры» бай мұраға толы. Онда ұлтымыздың ауыз әдебиеті мен дала әуезі үндескен дәстүрлі әндерінің мол қоры бар. Әр жылдары жазылған ұлт қайраткерлерінің теңіз толқынындай ақжал, келісті дауыстары да сол қалпында сақталған.

«Асыл мұра» хабарының бүгінгі шығарылымынан сіздер 1990 жылы Қазақ радиосының эфиріне шыққан «Қадірмені халықтың» атты радио-эссаны тыңдайсыздар. Оның мәтінін оқығандар Мұрат Оспанов пен Сауық Жақанова.

Хабардың редакторы- Жанат Жанұзақ. Мәтінін оқыған Әбдірәлі Бөлебай.

«Асыл мұра» хабары әр аптаның жұма күні сағат 15:10-да Қазақ радиосының эфирінен өтеді.