Әбіш Кекілбаевтың «Күй» повесі (3-бөлім)

Жазушы Әбіш Кекілбаев прозасындағы шоқтығы биік шығармаларының бірі – «Күй» повесі. Шығарманың сюжеттік желісі аңыздық факторларға негізделген. Шығармада бір күйдің шығу тарихын суреттегенімен, негізгі ой – адамшылық, гуманизм тақырыбы.

Жазушы адам санасының екіге жарылу сәтін шегіне жеткізе суреттеген. Повесте мынадай эпизод бар: «Бұған күйші керек. «Ә, Солай ма еді?»,-дегендей қу бас бұған шүңірейе қарайды. «Ендеше сол күйшінің басын жұтқан өзің емес пе?» - деп тісін ақситып, сақ-сақ күледі. Жөнейт мынау сұмдық елес айықсын деп көзін жұмып алды. Құлағына күңіренген үн келді; сол бір үн сай сүйегін сырқыратып, жан-жағынан қаумалап қоршап келеді. Азынаған айдала. Қу бастың ашылып қалған тесігіне жел кіріп, әлдеқандай ызың шығады. Күйші мынау ызғыған желге шыдап тұра алмай, жер астына кіріп кетіп, күңіреніп жатқандай» деп суреттейді.

Жауыздықтан жауыздық тудырып отырған Жөнейттің трагедиялық тағдыры өліммен аяқталады.

Бүгін сағат 21:00-де Қазақ радиосы мен Ұлттық аударма биросының бірлескен жобасы «Көкжиек» бағдарламасынан жазушы Әбіш Кекілбаевтің «Күй» повесінің 3-бөлімін тыңдай аласыздар. 7 бөлімге топтастырылған повест 19 ақпанға дейін жалғасады.