Отандық өнімге сұраныс қандай?

Осыдан біраз жыл бұрын дүкендеріміздегі жағдай басқаша болғаны мәлім. Бірақ қазір қазақстандық тауарлардың көрсеткіші молайып, отандық өнімдерді нарықта белсенді ілгерілетуге аса мән беріліп келеді. Тек тиісті жарнама жетіспейді.  

«Шалқар» радиосынан өтетін «Құтты қонақ» хабарында «СтройБытНефтеХим Технологиясы» ЖШС директоры, химик, технолог Маржан Қуанышқызы Досмағамбетова қонақта болып, отандық өнімдердің саны мен сапасын арттырып, әлемдік нарыққа шығару үшін қандай қарекет қажеттігі жайында өз пікірін білдірді. Маржан Қуанышқызы «OPTIMA» сериясы бойынша тұрмыстық химиялық заттар өндірумен айналысып жүрген кәсіпкер.

Толық ақпарат хабар мұрағатында.

Хабардың редакторы- Гүлнұр Омархан.