Қатерлі ісік оны аяғынан айырды

«Мың алғыс» хабарының бүгінгі шығарылымы Серік Мадияр Берікұлына арналды. Оған 2018 жылы маусым айында сүйектің қатерлі ісігі деген диагноз қойылған. Жеті рет химиотерапия алған Мадиярдың қатерлі ісігі қазір өкпесіне көшкен. Еліміздегі мамандар қолдан келгеннің бәрін жасадық деп 6 ақпанда үйге шығарды. 

Меңдеген ауыр дерт кейіпкерімізді аяғынан айырды. Ұлының ауруына араша түсіп, ендігі жерде өмірін сақтап қалудың жолын іздеген анасы Мейрамгүл студиямызға келіп, жағдайымен бөлісті. 

Толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар. 


Мадияр Берікұлының атына ашылған есепшоттар: 

KASPI GOLD: 5169 4931 5779 8920 

HALYK BANK: 6233 5711 6303 0519 

ЖСН: 0205 2255 1376