Отандық мультфильмдерге орын жоқ па?

«Шалқар» радиосындағы «Құтты қонақ» бағдарламасының кезекті саны – Отандық мультфильм мәселелеріне арналды. Студия қонағы:  режиссер-аниматор, сценарист, суретші Әбдіқадыр Сабыр.

Әбдіқадыр Сабыр – «Менікі», «Кім патша болды?», «Бәйтерек қасиеті» сынды 40-тан астам жобалардың авторы.

Хабар барысында режиссер «Қазақта Микки Маус неге жоқ?» деген сауалға нақты жауабын берді. Сондай-ақ, өзінің төл туындыларына қысқаша мінездеме беріп, «Қошақан» мультфильмі ұлттық бренд бола алалатынын айтты.

Сұхбаттың толық нұсқасы «Құтты қонақ» хабарының мұрағатында.

Хабардың жүргізушісі: Гүлнұр Омарханқызы.