Азық-түлік әлеуеті

Отандық азық-түлік өндірісін қалай жолға қоямыз? Біздіңше, сүт фермаларының өніміне жекенің қолындағы мал өнімдерін қосу. Əу баста дұрыс шешім болып көрінген кооперативтерден қайран болмады. Тығырықтан шығар төте жол – сүт қабылдау пункттерін көбейту. Екіншіден, мал тұқымын асылдандыру. Асыл тұқым бақсақ қана айымыз оңынан туады. Облыстағы асыл тұқымды қара мал саны 67,4 мың басқа жетті. 50,5 мың басы етті, 15 мыңы сүтті тұқым. Осыдан-ақ сүт өндіруден де ет өндіру басымдырақ екендігі көрініп тұрған жоқ па?

Осылай деп, отандық азық-түлік әлеуеті жайында журналист Байқал Байәділ ой өрбітеді. Толығырақ «Егемен Қазақстан» газетінің дүйсенбілік санындағы «Астананың азық-түлік белдеуі: әлеумет пен әлеует» мақаласынан оқуға болады.

Газет бетінде жарияланған осы және өзге де қоғамдағы өзекті мәселелер «Медиа шолу» хабарында.

Толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы- Нұртас Нұрғали.