Әдебиет – ардың ісі

Кезінде «әдебиет – ардың ісі» деген жақсы бір ұстаным жүрген. Әдебиет – өнер. Адам тану, ақиқат тану өнері. Ақиқат танудың табалдырығынан айтарың болса ғана атта, болмаса ардың ісін былғама деген сияқты түйін, ұстаным бүгін де болуға тиіс.

Бүгінгі кейіпкеріміздің өлеңдерін оқығанда сөзі жатық, айтары айқын, ойы бар, сезімге толы екенін байқайсыз. «Әдебиет әлемі» хабарының бүгінгі кейіпкері -  «Алақандағы бақыт» жыр жинағының авторы Мақпал Мыса. 

Алматы облысы Райымбек ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген ақынның алғашқы жырлары «Толғауы тоқсан туған тіл», «Поэзия, менімен егіз бе едің?» облыстық басылымдырында жарық көрген. Сонымен қатар, республикалық «Өмір өрнектері», «Жас толқын» жинақтарына енген. Ендеше ақын Мақпал Мысаның өмірдерегі мен шығармашылығы жайлы өзінің әңгімелеуінде «Әдебиет әлемі» хабарын тыңдаңыздар. 

Хабардың авторы әрі жүргізушісі: Айнұр Шамшейтова. 

Сұхбаттың толық нұсқасы хабар мұрағатында.