Бір триллион түп ағаш...

Жер шарындағы орманды алқаптарды үш есеге арттыру көмірқышқыл газын азайтып, жаһандық жылынуды тоқтатуға көмектесе алады,- дейді эколог мамандар.  

«Бүгінде үш триллион ағаш 400 гигатонна көмірқышқыл газын жоя алады. Ал ағаштардың санын тағы бір триллионға арттырсақ, ағаштар адамдардың он жылда шығаратын көмірқышқыл газының көлеміне тең мөлшерде ауаны тазарта алады», - дейді доктор Кроутер. Оның айтуынша, осы күнге дейін жаһандық жылыну мәселесінде ағаштардың рөлі өз бағасын ала алмай келеді. Соңғы зерттеулерге сенсек, Жер шарында әлі де 1,2 триллион ағаш отырғызуға мүмкіндік бар. Бұл ауыл шаруашылығы немесе қалалы жерлерді емес, пайдаға аспай, бос жатқан жерлерді есепке алғандағы зерттеу.

Өзге де қызықты жаңалықтар хабардың аудионұсқасында.

«Аң-таң» хабарын әр сәрсенбі сағат 9:35-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыз.