Зейнетақы және жәрдемақы мәселелері

Қазақ радиосындағы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиалының жетекші маманы – Айтжан Асыл Орынбасарқызы қонақта болды. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңдарына және нормативтік актілеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді. Жаңа жылдағы жаңалықтар жайлы айтар болсақ, 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы және жәрдемақы мөлшерлерін арттыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінде Республика бойынша елімізде 2 миллион 100 мың зейнеткер бар. Зейнеткерлерімізге берілетін зейнетақы көлемі 1 қаңтардан бастап 7 пайызға өсті. Сонымен қатар, Республикалық бюджет туралы заң бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты және айлық есептік көрсеткіштің бекітілуіне байланысты барлық жәрдемақы мөлшерлері 5 пайызға өсті»,- дейді Асыл Орынбасарқызы.

Цифрлы Қазақстан бағдарламасының негізгі мақсаты – қоғамның әр саласындағы цифрландыру жүйесін арнайы мамандармен сұхбаттаса отырып халыққа, тыңдарман қауымға түсіндіру.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын әр сәрсенбі сағат 10:15-те Қазақ радиосының тікелей эфирінен тыңдай аласыз.