Болар бала жасынан

Кәусар Иса 4 жаста. Абайдың 19 өлеңін жатқа айтады.

Астана қаласындағы Оқушылар сарайында 2018 жылдың жаңа оқу маусымынан бастап «Жас Абайтанушылар» клубы өз жұмысын бастаған. Қазіргі таңда аталмыш клубта 20-ға жуық оқушы бар. Клубтың жетекшісі Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Алмахан Мұхаметқалиқызы.


Клубтың ең жас мүшесі Абайдың 19 өлеңін жатқа оқитын 4 жастағы Кәусар Иса. Алмахан Мұхаметқалиқызы оқушыларымен «Шалқар» радиосындағы «Тұғыр» бағдарламасында қонақта болып, клубтың жұмыстарымен таныстырды.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Бағдарлама редакторы- Нәзір Сүлеймен.