Менің атым Қожа (3-бөлім)

Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы 1957 жылы жазылған. Қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі болып саналады. Повесть орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды.

Туындыда кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынады. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Повесте Қожаның балалық махаббаты баяндалады. Сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болуды армандайды. 1963 жылы «Қазақфильм» студиясы осы кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды.

Бүгін сағат 21:00-де Қазақ радиосы мен Ұлттық аударма биросының бірлескен жобасы «Көкжиек» бағдарламасынан жазушы Бердібек Соқпақбаевтің «Менің атым Қожа» повесін тыңдай аласыздар (3-бөлім).

7 бөлімге топтастырылған роман 26 ақпанға дейін жалғасады.

Хабардың редакторы- Альмира Елімсары.