Сенім. Арман. Өмір

Ең үлкен құндылық – адамның адамдығы.

Қазақ радиосындағы «Жадымда қалған сол әуен» хабарының кезекті шығарымылы адами асыл қасиеттер мен бұл өмірдегі ең бағалы құндылық, яғни, көңіл, сезім тақырыбын шығармаларына арқау еткен қаламгер, сазгер, Жазушылар одағының мүшесі, бүгінде жетпіске жуық әннің авторы Әкім Ысқақтың шығармашылығына арналды.

Жазушының жақында ғана өмірлік құндылықтар жайында «Алтыным» кітабы және «Өмір. Сенім. Арман» атты өлеңдері мен қарасөздер жинағы жарыққа шықты.

Әкім Ысқақпен өрілген сұхбаттың толық нұсқасы «Жадымда қалған сол әуен» хабарының мұрағатында.

Хабардың редакторы- Ғалия Есқұлова.