«Мың алғыс» Алматыда

Бүгін Қазақ радиосының Алматы студиясы «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ұйымдастырған қайырымдылық жобасы аясында Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық оркестрінің концерт залында «Мың алғыс» хабарының кейіпкеріне арналған іс-шарасын өткізді.

Шалкөде ауылының тұрғыны 23 жасар Болат осы уақытқа дейін қанша рет операция үстеліне жатқанымен, нәтижесі болмады. Биыл Корей елінде ем қабылдау жоспарда бар. Операция құны 19 миллион теңге. Қолбайлау болып тұрған мәселе - қаражат екені белгілі.

Болатты қолдап, жағдайын халыққа жеткізу мақсатында өткен концерт мерейлі де ізгі іске бар Алаш жұртын шақырды. Қолдау танытқан барша тыңдармандарға мың алғыс! Жақсылықтың ерте-кеші болмайды. Қол ұшын созып, сауабы мол істің жанашыры боламын десеңіз «Уақып» қорының есеп шотын qazradio.fm сайтынан ала аласыздар! 

Қайырымдылық акциясы 28 ақпанға дейін жалғасып, қорытынды концерт 1 наурыз күні Астанада «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтеді. Қайырымдылықтан қалыс қалмай, алғысқа бөлен!