Қазақ радиосындағы «Інжу-маржан» хабарының кезекті шығарылымы көшкен сағымдай мұнартқан, бағзы заман тарихынан қозғалып, ел болуды көксеп, тебінгіні терге шірітіп, терлігін майдай ерітіп, ат үстінде күн кешіп, ел бірлігінің бүтіндігіне қызмет жасаған, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, пейілдің мұхитынан ой мен сөздің лағыл дүрлері төгілген Майқыби бабаларымыздан бастау алған дара да дана билерге арналды.
Студия қонағы: 30 жылдан аса сот билігінде қызмет атқарған, Ақмола облысы сотының төрағасы Досжан Сарманқұлұлы Әміров.
Сұхбатты толығарақ аудионұсқадан тыңдай аласыщздар.
Хабардың редакторы- Қошан Мұстафа.