Жетпіске келсем де әжемді сағынамын – Серік Негімов

Серік Негімов: Мен әжемді жасым 70-тен асса да сағынып жүремін.

Ғылымның қия жолында өз соқпақ-сүрлеуін тауып, ұлағатты ұстаз, көрнекті ғалым ретінде кеңінен танылған филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негімов Қазақ радиосының «Әжемнің әңгімесі» хабарының қонағы болды.


Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов «Құдайдан кейін күшті нәрсе – ғылым, ғылымнан кейінгі күшті нәрсе – дәстүр» деп айтып кеткен,- дейді Серік аға.

Бақсақ, Серік Негімов бала күнінен туған топырақтан нәр алып, дәстүрді дәріптеген әже тәрбиесін көрді, кейін бұғанасы қатып, буыны бекігеннен соң әдебиет әлеміне ауыз салды. Бүгін әдебиеттану ғылымының білгірі деген деңгейге жетті. Яғни, күшті деп танылған ғылым мен дәстүрді беліне бекем буды.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың авторы Альмира Елімсары.