Түймедақ гүлінің пайдасы

Табиғат тұнған байлық. Кейбір гүлдердің пайдасы, шипалық қасиеті жайлы Қазақ радиосының «Гүлдесте» хабарында айтылды.

Әр гүлдің өзіне тән ерекшеліктері бар. Әдетте райхан гүлі - бүйрекке жақсы әсер береді. Ал диабет кезінде бақбақ гүлін пайдалануға болады. Піл бұлағы гүлі фитостерол, темір, никель, хром, мыс т.б. көптеген макроэлемент пен дәруменге бай. Биологиялық белсенді заттардың құрамында көп болуы әр түрлі инфекциялық ауруларға төтеп бере алатындығынан көрінеді. Ал түймедақпен көптеген ауруларды емдеуге болады. Түймедақ гүлінің өт жолына тас байлану, тұмау, бас ауруына емдік көмегі бар. Өсімдіктен алынған эфир майы жүйке жүйесін әлдендіріп, ми тамырларын кеңейтеді.

Шипалы гүлдер жайлы осы және өзге де қызықты ақпараттар «Гүлдесте» хабарының аудионұсқасында.

Бағдарламаның редакторы- Айнұр Шамшейтова.