Электронды қазақ үйдің ерекшеліктері

«Ауқымы ұлғайғанда ішкі мазмұны да толығады. Біз тек осы 1200 шығармамен шектеліп қалмаймыз, біршама өзгерістер енгізуді жоспарға алдық. Алдағы күндері «Электронды қазақ үйден» ертегі, ән-күй ғана тыңдап қоймай қазақтың таңдамалы айтыстарын да тыңдайтын боласыздар. Басқа да көптеген мазмұндарды қосу ойымызда бар. Балалардың денсаулығы аса маңызды екенін ескере отырып, құрылғы ISO әлемдік сапа өлшемдеріне сай материалдардан жасалғанын да айта кету керек»,- дейді «Ұлас-Электрон» ЖШС ресми өкілі, журналист Нұркелді Кәкіштегі.

Бұл туралы ол Қазақ радиосының «Өнертапқыш» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың редакторы- Айгерім Оралбек.