Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Дүйсенбінің кешіндегі Қазақ радиосының тікелей эфиріндегі «Қоңыр әңгіме» хабары «Аналар мен арулар немесе мен қазақ қыздарына қайран қалам» деген тақырыпта өрбіді.

«Ана баланы бірнеше жыл қолында ұстайды, сосын өмір бойы жүрегінде ұстайды» деген сөз бар ғой. Ғалымдар осыны тура мағынасында дәлелдейтін бір фактіні ашыпты. Ол МИКРОХИМЕРИЗМ деп аталатын құбылыс. Бала дүниеге келгеннен кейін ананың миы мен жүрегінде жаңа жасушалар пайда болады. Ол жасушалар жаңағы сәбидің ДНК-сынан тұрады. Осыны микрохимерия құбылысын зерттеп жүрген Лаура Уэлдон деген ғалым айтады, «бұл деген сөз баланың бір бөлшегі ананың ағзасында қалады» дегенмен бірдей деп. Тағы бір қызық факт, бойында осындай эмбрионалдық жасушалары көп аналар омырау рагы мен альцгеймер, яғни, алжу ауруына оңайлықпен шалдықпайды екен,-дейді хабардың жүргізушісі Бекболат Тілеухан. 

Толық ақпарат аудионұсқада.