Тарих және кино

Қазақстандық кино прокатында тарихи киноларға деген сұраныстың жоғары екендігінен қоғамдық сана тарихи сананы жаңғыртуды қалайтынын байқауға болады. Сондықтан, тарихи сананы қалыптастыру үшін жақсы оқулықтар, тарихи көркем әдебиет, тарихты оқыту әдістері мен көпшілік мәдениеттің өнімдерін, яғни кино саласын жетілдіру қажет.

Тарихи сана ұлттың өзін өзі сақтау құралы, рухани қалқаны. Қазақ радиосының эфирінен өтетін «Алашнама» хабарының осы аптадағы саны осы тарихи тақырыптағы киноның ұлттың тарихи санасын қалыптастырудағы рөлі турасында болды. Студия қонағы- киносценарист, режиссер Дәулетжан Махмұдұлы.

Хабардың редакторы- Ербол Алшынбай.