Әлемдегі ең қарт адам Жапонияда тұрады

Жапония тұрғыны Канэ Танака Гиннестің рекордтар кітабына жаһанның ең қарт тұрғыны ретінде енді.  

Фукуока қаласындағы қарттар үйінде тұратын Танака 116 жыл 66 күн өмір сүрген. Өткен аптада Жапония тұрғынына абыройлы атақты ресми тапсыру рәсімі өтті. Әйел болса бұл жағдай оның өміріндегі ең қуанышты сәт екенін айтты. Танака 1903 жылдың 2 ақпанында туған. Қарт өмір бойы күйеуі екеуі бірге ашқан, күріштен дайындалған моти шелпектерін сататын дүкенде жұмыс істеген. 

Айта кетейік, жер шарының осыған дейінгі ең қарт тұрғыны да жапониялық болатын. Тиё Мияко өткен жылы 117 жасында қайтыс болды 

Өзге де қызықты жаңалықтар хабардың аудионұсқасында. 

«Аң-таң» хабарын әр сәрсенбі сағат 09:35-те Қазақ радиосының тікелей эфирінен тыңдай аласыз.