Жаңа технологияларды әкелу бойынша белсенділік әлі де төмен

Қазақ радиосындағы «Аграрлы Қазақстан» хабарында агротехнологияларды тренсферлеу және коммерциалау орталығының бас сарапшысы Зейілхан Тағаев қонақта болды. 

«Қазіргі таңда Қазақстанға әкелетін технологиялар көп. Алайда авторлық құқықтың орындалуы ақсап тұрғаннан кейін бұл жұмыс бәсең қалыпта. Мысалы, отандық астық дақылдардың тұқымы кеңінен пайдаланылады. Десе де олар түрлендіріліп ары қарай басқа шаруашылықтарға сатылғаннан кейін сол тұқымдардың алғашқы сортқа қатысты екенін дәлелдеу оңай емес. Оны арнайы зертханаларда тексеріп дәлелдеуге болады. Бірақ оның нәтижесін шаруаларға дәлелдеу қиын. Осы ретте біздің орталық қажетті құқықтық көмек көрсете алады» ,- деді студия қонағы.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың редакторы- Анас Ахатұлы.