Ербол Бейілхан: Әкемнің жақсылығы өміріме жол ашты

Қазақ радиосындағы «Әдебиет әлемі» хабарының бүгінгі саны Халықаралық поэзия академиясының Академигі Ербол Бейілхан ақынға арналды.

Ербол Бейілхан «QUNDAQ» қоғамдық қорының директоры, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі. 

«Үйдің үлкенімін. Әкем небары 28 жасында қайтыс болған. Мен 6 жаста болатынмын. Әкем өмірден жастай кетсе де өте беделді, өз ортасына сыйлы адам болған екен. Ауылыма барсам мені Ербол Бейілхан деп емес, Бимұраттың баласы деп таниды, әкесіне тартыпты деп құрметтейді. Әкеммен мақтанамын»,- дейді Ербол Бейілхан берген сұхбатында.

Толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Сұхбаттасқан Айнұр Шамшейтова.