Алма Аманжолова: Ұлттық өнер ешқашан шоу бола алмайды

«Шалқар» радиосындағы «Құтты қонақ» бағдарламасында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әншісі Алма Аманжолова қонақта болды.

«Бірнеше жылдық демалыстан кейін жеке шығармашылығыма қайта оралу үстіндемін. Бүгінгі тыңдарманның талғамы мүлде бөлек. Жастар тыңдайтын әндер жазудамыз. Әні де, әншісі де сапырылысқан қазіргідей кезде жұртшылықты жалт қарату оңай емес. Дегенмен еңбектенсек нәтижесіз қалмайтынымызға сенемін. Ұлттық өнер ешқашан шоу бола алмайды. Сондықтан ұлттық құндылықтарымызды өміршең етеміз десек, оны шоу бизнеске, той бизнеске айналдырмай, қаймағы бұзылмаған қалпында насихаттап, мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетуіміз керек»,- дейді әнші өз сұхбатында.

Сұхбатты жүргізген Нұрмат Мансұр.

Толық ақпарат видео және аудионұсқада.