Сәдіқожа Мошанұлының шығармашылығы

Сәдіқожа Мошанұлы Алматы облысы Кетпен тауының етегінде дүниеге келіп, ҚХР ШҰАР Құлжа қаласында қайтыс болды.

Ол – жасынан әнші атанған, әрі суырыпсалма ақындығымен де, жыр, дастандарды жырлаған жыршылығымен де халық жадында қалған, аз ғұмыр сүрсе де, соңына өшпес мұра қалдырған талант иесі. Жетісу өңірі әншілік мектебінің алтын уығының бірі.

Сәдіқожа әндері халықтық дәстүрмен тамырлас болғандықтан, ел жадына тез ұялап, жатталып қалды. Ол қазақ ән өнерінің алтын қорына қосылған «Сары бидай», «Ахау, қалаулы-ай», «Ей, ахау», «Ахау, айым», «Сағынсаң, қалқа, өзің кел», «Угай-ай» секілді қайталанбас әндерді өміре әкелді.

«Шалқар» радиосының эфирінен өтетін «Боз жусан» хабарының кезекті шығарлымы халық композиторы Сәдіқожа Мошанұлының шығармашылығына арналады.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың редакторы- Нәзір Сүлеймен.