Көрісу – ырыс пен берекенің, ынтымақтың көрінісі

«Шалқар» радиосындағы «Құтты қонақ» бағдарламасында ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистика академиясының академигі Өтеген Оралбайұлы қонақта болды.

Бағдарлама барысында ақын Өтеген Оралбайұлы қазақтың көне дәстүрі Амал мерекесіне байланысты ойын білдіріп, сиясы кеппеген жырларын оқып берді.

«Ертеректе көрісу күні қазақтың кең байтақ даласында тойланған. Кейін саяси жағдайлармен бұл салт ұмыт болып, тек еліміздің батысы ғана ұстанып қалды. Жалпы, күнтізбемен салыстырғанда жылдың алғашқы күні 14 наурыздан басталған. Бұл күн ырыс пен берекенің, ынтымақтың көрінісі»,- дейді студия қонағы.

Сұхбатты толығырақ видео және аудионұсқадан тыңдай аласыздар.