«Отандастар» қоры аймақтармен қатынасын нығайтпақ

Қазақ радиосының эфирінен берілетін «Алыстағы ағайын» хабарының осы аптадағы саны «Отандастар» қорының атқарған жұмыстары мен жоспарлары және әлем қазақтарының мәселелері турасында болды. Студия қонағы- «Отандастар» қорының вице-президенті Мәди Манатбекұлы.

Елбасы тапсырмасымен арнайы құрылған Қор Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен тығыз ынтымақтастық орната отырып, шетелдегі және Қазақстан Республикасына көшіп келген этникалық қазақтарды қолдау мақсатында жұмыс істейді.

Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар. 

Хабардың редакторы- Ербол Алшынбай.