Facebook арқылы WhatsApp пен Instagram-ға хат жібеурге болады

Марк Цукерберг Facebook, Messenger, WhatsApp және Instagram қолданушыларының енді бір-біріне хабарлама жібере алатынын хабарлады.

The Independent басылымының жазуынша, «құпиялылыққа бағытталған платформа» қозғалысы аясында барлық қосымшалар өзара хат алмасуға мүмкіндік алады. Марк Цукербергтің айтуынша, бұл шифрландыруды жетілдіріп, мәліметтерді сақтау жүйесін өзгертуді қажет етеді.

«Facebookте хат жіберу үшін Messengerге кіру керек, Instagramда Direct, WhatsApp-та WhatsApp бар. Біз қолданушыларға өз достарымен кез келген қосымша арқылы байланысуға мүмкіндік бергіміз келеді», - деді Марк Цукерберг.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

«Қай тех» хабарын әр жексенбі сағат 13:35-те Қазақ радиосының тікелей эфирінен тыңдай аласыз.