Әже өнегесі – ұрпаққа ұлағат

Қазіргі таңда Стив Джобстың, Билл Гейтстың және тағы басқа сол секілді әлемде кәсіпкерліктің шыңына жеткен тұлғалардың сөздерін үлгі ретінде айтып жатамыз. Бұған ешқандай қарсылық жоқ. Хакім Абай айтқандай: «Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену» дұрас-ақ . «Күнде көріп жүрген таулардың биіктігі байқалмайды» - дегендей, осындай алпауыт бизнес өкілдерінің көлеңкесінде ет жақындарымыздың айтқан ақылына, даналығына мән бермейді екенбіз. Әйтпесе, перзенті үшін ең жақсы затты, ең тәтті тағамды, ең құнды кеңесін аямайтын абзал жандардың бізге берері мол емес пе. Мәселен, әжелеріміздің әңгімелері.

Ғалым Шәкір Ыбыраев айтқандай бұрынғының адамдары баға жетпес қазына. Шүйкедей ғана, тіпті арнайы білімі жоқ ауыл кейуанасының айтқандарының түп тамырында дала филолсофиясы бүлкілдеп тұрады.

Қазақ радиосының «Әжемнің әңгімесі» хабарында филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ыбыраев әжесінің тағылымы туралы айтып берді. 

Хабардың авторы әрі редакторы: Альмира Елімсары.