Гүл сыйлау қағидасы

Сыйластықтың ішіндегі ең әдемісі, кез-келген адамға тарту етуге болатыны – гүл шоғы. Тек негізгі қағидаларды білу керек. Себебі гүл таңдағанда адамның жасын, жынысын, қызметін, талғамын ескеруіңіз қажет.

Әріптесіңізге сіздің риясыз достық ықыласыңызды білдіру үшін қызғылт түстегі гүлдерді тарту етуіңізге болады. Бикештерге жігіттер голланд раушандарын сыйласа, үлкен қуанышқа бөлейді. Қызыл, қызғылт түстерді қыздардың көбі махаббаттың, сүйіспеншілікті белгісі деп ұғады. Ал басқа да жақындарыңызға қандай гүл түрін ұсынуға болатынын білгіңіз келсе, Қазақ радиосының эфирінен берілетін «Гүлдесте» айдарын жіберіп алмаңыз.

 «Гүлдесте» айдары әр аптаның дүйсенбі күні сағат 9:30-да Қазақ радиосының эфирінен беріледі.

Бағдарламаның редакторы- Айнұр Шамшейтова.